Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
HTML фон Алға мектеп-гимназиясының ресми сайтына қош келдіңіздер! /Алға қаласы/электрондық почта:algamektepgimnaziya@mail.ru  

МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ МЕН ІС-ШАРАЛАРЫ

2021-2022 оқу жылы

Алға мектеп-гимназиясында “Зерде” Республикалық шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының І (мектепішілік) кезеңі өткізілді. Конкурс барысында оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап, тәжірибелерін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі орын алған оқушылар, конкурстың келесі кезеңіне жолдама алды.



Алға мектеп-гимназиясында ата - аналармен жедел респираторлық инфекцияның, тұмаудың және пневмококтық инфекцияның алдын алу мақсаты бойынша "Балалардағы тұмау мен ЖРВИ алдын алу" тақырыбында “Zoom” платформасы арқылы онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өткізген: Даярлық топ жетекшісі - Орақова Лаура Тельманқызы


Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру мақсатында тәрбие сағаттар өткізілді.


Алға аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Тәуелсіз елдің ұстаздар” тақырыбындағы жас мамандар байқауында Алға мектеп-гимназиясының “Белес” жас мамандар тобы жоғары деңгейде өз білімдерін көрсетіп ІІ-орынға ие болды. Сонымен қатар жас ұстаздарымыз Ниязова Г.Б, Жалғасынов Н.Т “Үздік жас маман” номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз👏🏻



Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқсанбаев Қуаныш ҚР Алға аудандық әкімдігінің қаржылай сертификатымен марапатталды. Құттықтаймыз 👏🏻👏🏻👏🏻


Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін мектебіміздің педагог-психологы Наурызова Гулнар Шамитовна Ақтөбе облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз 👏🏻👏🏻👏🏻


1 қазан – Халықаралық қарттар күні.
Қарт ата-әжелерімізді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз 💐💐💐 “Қарты бар үйдің-қазынасы бар”, – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Мерекеге орай мектебіміздің 7 “Ә” класс жетекшісі Сексенбаева Сағыныш оқушыларымен бірлесе "Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында қайырымдылық челленджін қолға алды.


2021 жылдың қыркүйек айының 23-26 жұлдызы аралығында Алматы қаласында Керлингтен Әлем Кубогі өтіп, әлемдік додаға 18 команда қатысты.
Осы жарыста Ақтөбе облысының командасы атынан мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқсанбаев Қуаныш қатысып, ақтық мәреде Финляндия командасына есе жіберіп, 🥈орынға ие болды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.👏🏻👏🏻👏🏻


Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден - бір орын-театр. Театр - өмірдегі түрлі жағдайларды сахналандыру, өмір шындығын көрерменге қойылым арқылы жеткізу. Осы орайда, Алға мектеп - гимназиясының 9"Г" класс оқушылары жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру барысында облыстық филормонияда өткен " Қара пима" премьерасын тамашалады. Көрермен халықтың жүрегін тербеп, сезімдерін сергіткен қойылым ның білім алушыларымызға берер рухани азығы мол болды.



"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" науқанының жоспарына сәйкес Алға мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Алмаганбетова тәртіп сақшылар тобымен бірігіп ,"Түнгі қаладағы балалар " рейдін жүргізді.


14наурыз-Көрісу күніне орай «Дәстүрлі қазақтың ойындары» тақырыбында Г.Б.Бесайдарова мен К.Т.Байхадамованың ұйымдастыруымен сайыс сабақтары өткізілді.



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы аясында ұйымдастырылған 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған волейболдан әйелдер арасында аудандық турнирде Алға мектеп -гимназиясы | орынға ие болды💐🥇



Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150жылдығына орай ардагерлер мен әуесқойлар арасындағы ашық турнирінде Соколов Шыңғыс || орынға ие болды🥈👏🏻құттықтаймыз!


2021 жылдың 20 ақпан мен 5 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен Кёрлингтен ҚР Чемпионатында мектебіміздің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қ.У.Тоқсанбаев Ақтөбе облысы құрама командасының қатарында өнер көрсетіп, жүлделі 2🥈орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!👏👏👏


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған шаңғыдан әйелдер арасында мектепішілік спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа мектебіміздің ұстаздары белсенділікпен қатысты.








04.02.21  "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ және "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу мен сапалы білім беру ісіндегі табысты ұстаздық еңбегі үшін мектебіміздің бастауыш сынып ұстазы Кульжанова Марта Козыбаевнаны алғыс хатпен және 50 мың теңге сертификатпен марапаттады. Құттықтаймыз! 💐💐




29.01.21  Алға мектеп-гимназиясының ер мұғалімдері ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл "30 қайырымды іс" акциясы аясында "Таза білім беру ұйымы" мектеп ауласын қардан тазалау челленджін В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінен қабылдап, Бестамақ орта мектебіне жолдайды.



20.01.21  Құрметті кітапхана оқырмандары! "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Ел болып оқитын кітаптар рухани жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп оқырман жүрегінен орын табарына сенеміз. Кітап оқып рухани бай болайық



12.01.21  Ақтөбе облысының білім басқармасы "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 5-6 класс оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі пәнінен жоғарғы білім көрсеткені үшін мектебіміздің 5"Г" класс оқушысы Дәулет Гүлнұр марапатталды. Құттықтаймыз 👏👏👏🙌

   



12.01.21  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасынан туындайтын "Туған жерге тағзым" акциясы аясында демеушілермен байланыса отырып, оқу ғимараттарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға үлес қосып, белсенділік танытқаны үшін Алға мектеп-гимназиясы марапатталды. Құттықтаймыз 👏👏👏



31.12.20  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!




29.12.12 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алға аудандық білім бөлімі және Алға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы атынан мектебіміздің бірқатар қызметкерлері «Алғыс хат» және ақшалай сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар мүгедек балалары бар қызметкерлердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

          


15.12.20 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ұйымдастыруымен өткен жүгіруден (16км) онлайн марафонында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқсанбаев Қуаныш Утегалиевич 🥇орынға ие болды. Құттықтаймыз!👏👏👏



14.12.2016 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде "Жас Ұлан-жарқын болашақ" тақырыбында Қазақстан Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» оқушылары мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 2-класс оқушыларының қабылдау жиыны өткізілді.

  

   


08.12.20 Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру мақсатында 1 "Б" класс оқушылары мен Алға ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Алмағанбетов Арман Исаевичпен кездесу ұйымдастырылды.


    


Мектебімізде эстетика пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сай,
"Ән-көңілдің ажары" тақырыбында онлайн концерт өткізілді.

                                      

     


Бүгін мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Дәстүр мен Ғұрып" мектебі аясында кітапханашы Г.Нугманованың ұйымдастыруымен "Әжем менің ақылшым" атты дөңгелек үстел өтті.Бұл шараға әжелер ұйымының мүшелері және 5 "А" сынып оқушылары қатысты

     


                             Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай                                            Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 

                                мектебіміздің5 класс оқушылары "Тәуелсіздіктің 7 қыры"                                                  күніне орай мектебімізде "Елін сүйген Елбасы"

                                  атты деректі фильмін талқылаубойынша әзірленген                                                              тақырыбында класс сағаттары өткізілді.

                                                          видеороликпентанысты.                                                                                                                                 

                                         



Қашықтан өткізілген "Өңір және тарихи тұлғалар" атты облыстық шығармашылық байқауына қатысып, шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін мектебіміздің оқушысы Кужаханова Сабина 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сайлаубаева Қ.С.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏻👏🏻👏🏻




"Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық инттелектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындармен марапатталды. Айта кетсек:
"Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Ботабасова Мөлдір 1-орын.
"Кіші Отанның рәмізі" номинациясы бойынша Курманалина Фатима 2-орын.
"Менің кіші Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Рах Құндыз 2-орын, Избасханов Алмаз Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Ешбаева Г.О. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻





Қашықтан өткізілген республикалық "DARYN ECOART” сурет және қолөнер бұйымдарының экологиялық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін Алға мектеп-гимназиясының оқушысы Турабекова Жайна 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Тәжіғали М.Ғ. Құттықтаймыз👏🏻




"Кішкентай білгерлер" атты облыстық интеллектуалдық олимпиадасында мектебіміздің кішкентай білгірлерінен құрылған "Жас ұлан" тобы үздіктер арасынан көрініп жүлделі 2-орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏻👏🏻👏🏻




Ауданымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген кәсіпқой боксшы Қазақстан Республикасының жүлдегері, бірінші халықаралық турнирінің жеңімпазы, Еуропа және Азияның ең жас боксшысы Садуов Дастан және бірінші халықаралық турнирінің жүлдегері, кәсіпқой боксшылардың жаттықтырушысы, Алға балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, бапкер Абдрахманов Закарияның қатысуымен "ЕЛ ҮМІТІН ЕР АҚТАР" тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты өскелең жас ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қою арқылы көптеген мәліметтер алды. Сонымен қатар қонақтарымыз мектептің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

    

    



Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы А.М.Базарбайдың қатысуымен zoom платформасы арқылы онлайн жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Г.А.Есенова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э.Ә.Нұртаза, Д.Ж.Кульжанов түсіндірме жұмыстарын жүргізді.




31 қазан күні кезектен тыс "Тәрбиенің ең тамашасы - Отбасы" тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 7-11 класс ата-аналары шақырылды. Класс жетекшілер тақырыпқа сай баяндама оқып, әңгіме жүргізді

      



Күзгі демалыс уақытында мектебіміздің ортаңғы буын оқушыларының қатысуымен Еркін күрестен спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы Бахытханұлы Аманесенмен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты-оқушыларды төзімділікке, шеберлікке баули отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында спорт шеберімен әңгіме-сұхбат құрылып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, балалық шақтарын, спортқа келу жолдарымен, бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті.





Халықаралық энергияны үнемдеу күні!

    


Күзгі демалыс кезінде 9- 11 класс оқушылары кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша Алға индустриялық – техникалық колледжіне саяхатқа барды. Алға индустриялық – техникалық колледжінің арнайы пән мұғалімі Таджиев Қарасай Сатбекович оқушыларымызға мамандық түрлерін таныстырды.


                      



Бүгін Алға мектеп-гимназиясында 8-11 класс аралағында жалпы білім беретін негізгі пәндерден республикалық олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі басталды.
Жоспарға сай 6-қараша күні математика пәні бойынша өткізілді. Барлық санитарлық талаптар сақталып, оқушылар бетперде тағып, дене температуралары өлшеніп, арнайы антисептиктермен қолдарын залалсыздандырды. Кабинеттерде арақашықтықтар сақталды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша комиссия құрамының шешімімен, математика пәнінен олимпиаданың аудандық кезеңіне төмендегі оқушылар жіберілді:
8 сыныптан: Жұмағалиев Берік
9 сыныптан: Абуталипов Ертай
10 сыныптан: Шаудырбаев Мейрамәлі
11 сыныптан: Орынбаева Қарақат.

         

   



Республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының облыстық іріктеу кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін ұсынып, қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурмагамбетова Назымгул Муратовна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏻




"Ұстаз-ұлы тұлға" атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының "Вокал" жанры бойынша мектебіміздің 6"Г" класс оқушысы Мақсат Орал Жасұланұлы қатысып, бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар ынталындыру сыйлығы табысталды.
Жетекшісі: Наурызбаева Кенжегүл Нурлыбайқызы 👏👏Құттықтаймыз 💐💐💐





9-қазан күні мектебімізде оқушыларды кіші буыннан бастап ғылымға баулу және жас зерттеушілерді қолдау мақсатында 1-7 класс оқушылары арасында Республикалық "Зерде" атты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының мектепішілік кезеңі өткізілді. Жоба байқауының жүлдегерлері аудандық кезеңге жолдама алды.




11 қазан - Халықаралық қыздар күні. Оның мақсаты - қыздар кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту. Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Осыған орай мектебімізде "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында класс сағаттары ұйымдастырылды.





Ұстаздар күні, есепшілер және кітапханашылар күніне орай Алға мектеп-гимназиясының бірқатар қызметкерлеріне Алғыс хат пен сыйақы табысталды. Бұл күрделі, әрі қызықты мамандық иелерін Алға аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы бірлесіп марапаттады.
Құттықтаймыз 💐💐💐

     



Құрметті ұстаздар!

Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын! Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!





"Қарты бар үйдің қазынасы бар"

1 қазан – Халықаралық қарттар күні.
Қарт ата-әжелерімізді келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз 💐💐💐
“Қарты бар үйдің-қазынасы бар”, – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Мерекеге орай мектебімізде "Қарты бар үйдің қазынасы бар" тақырыбында оқушыларымыздың ата-әжелеріне арналған видеороликтерінен байқау өткізілуде.




Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14-21 қыркүйек аралығында "Отбасы-бақыт мекені" республикалық апталықты өткізу туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде "Отбасым - менің мақтанышым" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

               



Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Абай-ұлы даланың ақыны" мәнерлеп оқу онлайн байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, көркем оқу шеберлігімен І орынды Ерасыл Өтешов, ІІ орынды Улмекен Силиханова, ІІІ орынды Нұрай Мұрат және Санатбаева Жансулу, Алтаева Амина, Дүйсенбаева Әмина есімді оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар оқушыларға ынтыландыру сыйлықтары табысталды.



Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты «МЕНІҢ ЕЛІМ –ҚАЗАҚСТАН» аудандық қашықтықтан өткізілген сурет байқауына қатысып жүлделі ІІІ орын алған 3 «Г» класс оқушысы Арманбекова Інжу, 6 «Г» класс оқушысы Наурызбаева Дельназ МАРАПАТТАЛАДЫ. Жеңістеріңіз құтты болсын!




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында , 5-11 класс оқушылары 1-қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған сынып сағаттарын қашықтықтан өткізді.




Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер ескеріліп, кезекші 1-4 сыныптар Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған "Конституция - біздің болашағымыз", Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты сынып сағаттарын қатаң санитарлық талаптарды сақтап өткізді.