Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

ОЖСБ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының

2017 жылғы 10 наурыздағы

№ 109 бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы

№ 94 бұйрығымен бекітілген

 

 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жүргізу тәртібін:

1)      бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;

2)    негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;

3)         жалпы    орта   мектепте    –    оқу   жетістіктерінің    деңгейін    бағалау мақсатында;

4)    жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп айқындайды.

2. Осы қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

1) тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

3.   ОЖСБ жүргізудің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда (бұдан әрі - МЖМС) кӛзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің (бұдан әрі – орта білім) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады.




 

4.    Қағидалар меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта және жоғары білім беру ұйымдарына таратылады.

5. ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде ӛтеді.

6. ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары білім мамандықтарының және жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – базалық ЖОО) және оларға бекітілген желілік жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – желілік ЖОО) тізбесін Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жыл сайын айқындайды.

7. Тапсырмалар саны мен мазмұны, сондай-ақ тестілеуге бӛлінетін сағат саны әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады. Тест спецификациясын уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

8. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны ӛткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерінің уәкілетті ӛкілдері (бұдан әрі - БСБД) жүзеге асырады.

9. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді Министрліктің

«Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) жүзеге асырады.

10. ОЖСБ ӛткізу кезінде Министрліктің және БСБД-ның уәкілетті ӛкілдері білім алушылармен тестілеу материалдарын толтыру және рәсімді ӛткізу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

11. Тестіленуші басқа тестіленушілермен сӛйлеспейді, материалдармен алмаспайды және (немесе) оларды қасақана бүлдірмейді (жыртпайды), қағаз, электрондық және ӛзге де ақпараттарды қолданбайды.

Тестілеу барысында тестіленуші калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), түзету сұйықтығын, электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын- беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен ӛзге де электрондық жабдықтар) қолданбайды.

Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның уәкілетті ӛкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім шығарып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акті нысанын жасайды, тестілеу нәтижелерін жояды.

12. Аудиториядан шығу тек дәліз кезекшісінің алып жүруімен ғана қарастырылған.

13. ОЖСБ ӛткізу кезінде білім алушылардың білім сапасына ықпал етуші факторларды айқындау үшін, білім беру ұйымдарының тестіленушілері, мұғалімдері және әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі.

14. Тестілеудің барысы туралы статистиканы толтыру және ҰТО-ға жіберу әр тестіленуші топтың жұмыс күнінің аяқталуы болып саналады.

15.     Барлық тестіленуші топтарда тестілеу аяқталған соң пайдаланылған сұрақ-кітапшалары жойылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім




 

беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі сұрақ-кітапшаларын жою туралы акт жасалады. Пайдаланылмаған сұрақ кітапшалары ҰТО-ға жеткізіледі.

16. ОЖСБ қорытындылары туралы ақпарат уәкілетті органның интернет- ресурсында орналастырылады.

17. ОЖСБ нәтижелерін уәкілетті орган білім беру саласындағы заңнаманы қадағалау барысында жүргізілген тексеру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің ӛлшемшарты ретінде пайдаланады.

18. ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізіледі.

 

 

2-тарау. Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) және жоғары беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі

 

1-параграф. Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі

 

19. ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан орта білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

20. Бастауыш мектепте Заңның 55-бабының 5-тармағының

1) тармақшасына сәйкес ОЖСБ 4-сынып білім алушылары арасында жүргізіледі.

21. ОЖСБ 4-сыныпта қағаз тасымалдағыш қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын екі пән бойынша жүргізіледі.

22.         Негізгі мектепте ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының

2)   тармақшасына сәйкес 9-сынып білім алушылары арасында жүргізіледі.

23. ОЖСБ 9-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ тілі және басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша жүргізіледі, оның тізбесі мен санын жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.

24. Жалпы орта мектепте ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының

3)   тармақшасына сәйкес 11-сыныпта жүргізіледі.

25. ОЖСБ 11-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын үш пән бойынша кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.

26. Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны кӛрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайды.

27. ОЖСБ-ның нәтижелерін ӛңдеу ҰТО-ның филиалдарында жүргізіледі.

28. ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.




 

29. ОЖСБ рәсімі толық аяқталғаннан кейін БСБД күнтізбелік 10 күн ішінде ҰТО-ға орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ ӛткізудегі атқарылған жұмыстар актісін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырады.

 

 

2-Параграф. Жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу

 

30. Жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының

4) тармақшасына сәйкес оқудың барлық нысанындағы соңғы курс студенттері үшін жүргізіледі.

31. Жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ ӛткізу үшін мамандықтар бойынша «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім   және   ғылым   министрінің   міндетін    атқарушының    2013    жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 тіркелген) жоғары білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын үлгілік оқу жоспарларында қарастырылған пәндер бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.

32.     Жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ тӛрт пән: базалық және бейінді бойынша жүргізіледі.

33.    Тестілеуге келген білім алушының ӛзімен бірге рұқсаттамасы және жеке тұлғасын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

34.    ОЖСБ тестілеуге жататын қатысушы білім алушылар контингенті құрамының 100 пайыз қатысушы болғанда жүргізіледі.

35. Ӛтініштерді қабылдау жабылғаннан кейін тестілеуге кіру рұқсаттамалары қалыптастырылып, базалық және желілік ЖОО-лардың жауапты тұлғаларына беріледі.

36. Тестілеу материалдары салынған қапшықтарды ашу БСБД қызметкерінің, базалық ЖОО ректорының және Министрлік ӛкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

37. Студенттерді орналастыру отырғызу парағына сәйкес жүргізіледі, тестілеу материалдары салынған қорап ашылып, жауап парақтары таратылып беріледі және толтырылады.

38.    Сұрақ кітапшаларын тарату нұсқаларды үлестіру парағына сәйкес жүргізіледі. Сұрақ кітапшаларын үлестіргеннен кейін және студенттер сұрақ кітапшаларының мұқабасын толтырған мезеттен бастап тестілеу уақыты белгіленеді. Барлық сұрақ қою мен түсіндіру тоқтатылады.

39.    Тестілеуге кіргізу барысында, тестілеу ӛткізу кезінде бӛгде адам анықталған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның ӛкілдері бӛгде адамның қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу кезінде бӛгде адамды анықтау актісін жасайды, бӛгде адам мен білім алушының ӛзі тестілеуге жіберілмейді, нәтижелері жойылады.




 

40.     Тестілеу кезінде аудиторияға тек Министрліктің және БСБД-ның ӛкілдері және Министрлік ӛкілдерінің топ жетекшісінің алып жүруімен базалық ЖОО-ның ректоры кіре алады.

41.      Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші тестілеу материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Министрліктің және БСБД- ның ӛкілдері тестіленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленушінің емтихан материалдарды тапсырудан бас тартуы туралы акт жасайды, тестілеу нәтижелері жойылады.

42.      Тестілеу аяқталғаннан кейін кезекші үш студенттің қатысуымен аудитория материалдарын Министрлік ӛкілінің кабинетіне жеткізеді.

43. ОЖСБ нәтижелерін ӛңдеу базалық ЖОО-ларда жүргізіледі.

44. Жауап парақтарын сәйкестендіру Министрлік ӛкілдерімен жүргізіледі.

45.        Жауап парақтарын сәйкестендіру аяқталғаннан кейін базалық ЖОО-ның ректорымен бірлесе парольді енгізу арқылы дұрыс жауаптар коды ашылады.

46.     ОЖСБ-ны ӛткізу аяқталғаннан кейін Министрліктің ӛкілі ҰТО-ға қағаз және электронды тасымалдағышта ОЖСБ ӛткізу барысы туралы толық есеп береді.




 

 

 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау

жүргізу қағидаларына

1 - қосымша

Нысан

 

Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт

Білім беру ұйымы                                                                                                                            

(код)                                                                      (атауы)

«         »                                   20          жыл                                             сағат                минут

Министрлік ӛкілі                                                                                                                        

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Аудитория кезекшісі                                                                                                                    

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тестілеу    уақытында:    №              аудиторияның,    №              орнында    отырған                  тестіленуші Т.А.Ә.   (бар болған жағдайда)                                                                          , СЖК                                                        нұсқа

№                

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бұзылғандығын дәлелдейтін тӛмендегі заттар табылды:

 

(табылған заттың атауы (маркасы, саны))

 

Аталған деректі ескере отырып,

емтихан материалын алу;

тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                                                                          , СЖК                           ,

№             

аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды

 

(осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)

Актімен таныстым:

 

(тестіленушінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

 

(БСБД-ның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

 

(Министрлік ӛкілінің қолы және Т.А.Ә (бар болған жағдайда).)

Күні                         




 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау

жүргізу қағидаларына

2 - қосымша

 

Нысан

ОЖСБ тестілеу кітапшаларын жою туралы акт

 

«         »                  20    жыл Облыс                                                                                                                                            

(код)                                                          (атауы)

Аудан/Базалық ЖОО                                                                                                               

(код)                                                          (атауы)

 

Біз, тӛменде қол қойғандар, білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ тестілеу кітапшаларын жою туралы осы актіні жасадық


(код және білім беру ұйымының атауы)

 

Министрлік ӛкілдері:

1.                                                                                                           

(қолы)                                                        (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))

2.                                                                                                         

(қолы)                                                        (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))

БСБД ӛкілдері:

1.                                                                                                           

(қолы)                                                        (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))

2.                                                                                                        

(қолы)                                                        (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))

 

№     : ҰТО филиалының қызметкері/ ОЖСБ жауаптысы          _                                     

(қолы)                     (ТАӘ (бар болған жағдайда)

Топ/ Сынып

Сұрақ кітапшаларының саны

Жойылған сұрақ кітапшаларының саны

пайдаланылған

пайдаланылмаған

барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

Сұрақ кітапшалары:                                                                                    арқылы жойылды.

(жою жолын кӛрсету қажет – механикалық, ұсақтау немесе ӛртеу )

 

 




Осы акт екі данада жасалды.


(жою орнын кӛрсету )




 

 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау

жүргізу қағидаларына

3 - қосымша

 

Нысан

Орта білім беру ұйымдарында

ОЖСБ өткізудегі атқарылған жұмыстар актісі

 

 

Мерзімі: «     »                       20    ж.

 

 

 

                                                                                      облысы БСБД.

(атауы)

 

Орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ жоспар бойынша облыста ӛткізілетін мектептер саны

        , оның ішінде орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі ӛткізілген мектептер саны

                  .

Орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі материалдарын пайдалану туралы осы акт құрылды.

Ұлттық тестілеу орталығынан (бұдан әрі – ҰТО) алынған емтихан материалдарының саны: Сұрақ-кітапшалары                                                                                          дана.

Жауап парақтары                                                                                            дана. Оның ішінде қолданылған және жойылған сұрақ-кітапшаларының саны                        дана. Оның ішінде қолданылмаған және жойылған сұрақ-кітапшаларының саны                   дана.

Жауап       парақтары      (қолданылған      және       қолданылмаған)      ҰТО       филиалына

                                                                                                            данада тапсырылды.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ға қатыспаған білім беру ұйымының қолданылмаған емтихан материалдары ҰТО-ның №         базалық филиалына:

Жауап парақтары                                                                      данада тапсырылды, Сұрақ-кітапшалары                                                                                  данада жойылды. Осы акт екі данада құрылды.

БСБД басшысы:                                                                                

(қолы)                            (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))

 

 

 

ҰТО қызметкері:                                                                                

 

(қолы)                            (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))




 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау

жүргізу қағидаларына

4 - қосымша

Нысан

Тестілеуге кіргізу/тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

Білім беру ұйымы                                                                                                            

(код)

(атауы)

 

 

Күні«         »                               20        жыл

 

 

Уақыты           с.               мин.

Министрлік ӛкілі                                                                                                                        

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

ОЖСБ тестілеу ӛткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына кіру/тестілеу тапсыру кезінде тестіленуші                                                                                                                    

(тестіленушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және СЖК

орнына бӛгде тұлғаның                                                                                                              

(бӛгде тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

кіру дерегі анықталды

Аталған деректі ескере отырып:

Тестіленуші/тестіленушінің                                                                                                          

(Т.А.Ә (бар болған жағдайда) және СЖК)

тестілеу ӛткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына тест тапсыру үшін кіргізбеуге /емтихан материалдарын алу, № аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

Актімен таныстырылды:

 

(Министрлік ӛкілінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) )

 

(БСБД-ның қолы және Т.А.Ә (бар болған жағдайда).)

 

(студенттің/жалған тұлғаның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))



 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау

жүргізу қағидаларына

5 - қосымша

Нысан

Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан фактіні тіркеу туралы акт

Білім беру ұйымы                                                                                                            

(код)

(атауы)

 

«         »                                   20          жыл

 

              сағат                минут

Министрлік ӛкілі                                                                                                                          

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Аудитория кезекшісі                                                                                                                     

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                                                                                                                            ,

СЖК                                          , №            аудитория, №            орын, №                       нұсқа,

тестілеу уақытының аяқталуына байланысты, емтихан материалдарын дер кезінде тапсырудан

бас тартқан себепті Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары бұзылды.

 

Аталған деректі ескере отырып:

емтихан материалын алу;

Тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                                                                                                                      , СЖК     , №                                            аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

 

 

(осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)

Актімен таныстым:

 

(Студенттің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

 

(БСБД-ның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

 

(Министрлік ӛкілінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

Базалық

 

Күні